О детском садике
Балабақша атауы |
Мемлекеттік Коммуналдық Қазынылық Кәсіпорын №62 балабақша |
Өзін-өзі бағалау |
МКҚК «№62 балабақшасы» Алматы қаласы Әуезов ауданының Білім басқармасына қарайды. МКҚК «№62 балабақша» 2 қабатты ғимаратта орналасқан. Балабақша 1991 жылдың 1қыркүйектен бастап жұмысқа қосылды. Оқу-іс қызметі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып 13 топқа бөлінген. 1-І кіші тобы,4-ІІ кіші тобы, 3-ортаңғы топ және 2-ересектер топ, 3-МДТ Балабақшаға 320 балаға арналған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, спорт алаңы мен барлық топтың ойын алаңдары көлеңкелі үлескілермен қамтамасыз етілген. Балабақшада спорт, музыка залдары мен әдіскер, шаруашылық меңгерушісі, медбике кабинеттері бар. Балабақша жақын №15 емханаға қарайды. Балабақшаның оқу- іс қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша жұмыстар атқарады, мемлекеттік бағдарламалар мен жұмыс жүргізеді. |
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басты мәселесі:
|
- Оқу іс-қызмет пен тәрбие беру жүйесін жеке бағыттық модельдерін құруға бағыттауда жаңа жобалар жасау; - Балаларға тәрбие мен білім беру барысында адамгершілік пен бірізділік мақсаттарды іске асыру; - Физикалық және психологиялық тұрғыда балалардың денсаулығын сақтау және нығайту; - Балалардың эстетикалық таным және көркем шығармашылық дағдыларын дамыту; - Тәрбиешінің жұмысы мен балалардың ерікті даму жағдайлары. Сонымен қатар бейімделген «Бала тәрбиесі», «Қыз өссе елдің көркі» бағдарламасын ересектер тобынан бастап пайдаланып, қыз балаға өзінің халқының салт-дәстүрін, қыз балаға тән асыл қасиеттерін бойына сіңіре, әдептілікке, ақыл парасаты жоғары болуына дәріптеуді өткізеді.Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандарты бойынша мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық- педагогикалық негізінде тәрбиелеуі. Балалардың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктерін ескере отыра ,олардың негізгі құзыретілігін қалыптастыру.Әрбір баланың физикалық, психологиялық, ақыл –ойын дамыту, оқу-тәрбие жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз ету, мектепке дейінгі мекеменің мәртебесін көтеру.
|
Заңды тұлғаның тұрған жері |
050031 Алматы қаласы,Аксай 3А ы/ауданы 72үй |
Жұмыс уақыты |
8.00-18.00 |
Телефон |
+7727 3731834 |
Электрондық почта |
|
Меңгерушінің аты-жөні |
Киялбекова Гулназым Кулахметовна |
Тілі |
Мемлекеттік тіл |
Бағдарлама |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жұмыс жасаймыз.«Денсаулық» білім беру саласы бойынша дене шынықтыру, оқу іс –қызметін жүйелі жүргізу, спорттық ойын – сауықтар, мерекелер, шынықтыру-сауықтыру шаралары арқылы дені сау тұлға қалыптастыру. «Коммуникация» білім беру саласы бойынша мәдени-әлеументтік өзара қатынасқа дайын көптілді тұлғаны тәрбиелеуді, оқу іс-әрекеттері, мерекелер, ойын сауықтар, ізденушіліктер, саяхаттар арқылы жүзеге асады. «Таным» білім беру саласы бойынша әлемнің тұтас бейнесін түсінетін, ақпараттық мәселелерді шешуге дайын жеке тұлғаны – қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, экологиялық білімді меңгертуге, сұрақтар қоюға, эксперимент жасауға, зерттеулер, ізденістер арқылы тәрбиелеу. «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша музыка ,өнер туралы білімдер негізіне қызығушылық танытуға бейнелеу іс-қызметі арқылы жүзеге асыру. «Әлеумет» білім беру саласы бойынша жағымды мінез құлық пен қатынасқа қабілетті тұлғаны – адамгершілік нормалар арқылы тәрбиелеу. «Қыз өссе елдің көркі», «Ерте,ерте,ертеде», «Табиғат тіршілік көзі», «Бала тәрбиесі-бесіктен» вариативтік бағдарламасымен жұмыс жүргізіледі. |
Мектепке дейінгі мекеме ұжымы мынандай мәселелерге көңіл бөліуде:
|
- Рухани-адамгершілік тәрбие түрлерін енгізу. - Салауаты өмір салтының маңызын түсіндіріп,балалардың бойына сіңіру. - Сауықтыру шаралары арқылы дені сау бала тәрбиелеу. - Таным салалары арқылы бала тілін дамыту. - Күн тәртібінде қимыл әрекетін ұйымдастыру - Балалардың музыкалық ойындарға, думандар мен мерекелерге,театрландырылған қойлымдарға, ермектерге,ертегі мен әңгіме тыңдауға,оның ішінде музыкалық иллюстрациялы әңгімеге қатысуын қадағалайды. - Ойын арқылы бала тіл мәдениетін дамыту. |
Қосымша ақылы пәндер |
Ағылшын,Хореография |
Ақысы |
1,500 теңге айына |
Топтар |
I кіші «Балапан» тобы ІІ кіші «Жауқазын»тобы ІІ кіші «Ақбота »тобы ІІ кіші «Қошақан»тобы ІІ кіші «Қызғалдақ»тобы Ортаңғы №1 «Күншуақ»тобы Ортаңғы №2 «Бұлбұл»тобы Ортаңғы №3«Ақкөгершін»тобы Ересек №1 «Сұңқар»тобы Ересек №2 «Бәйшешек»тобы МДТ №1 «Қарлығаш»тобы МДТ №2 «Аққу»тобы МДТ №3 «Тұлпар»тобы |
Жалпы бала саны |
320 адамдық |
Күн тәртібі |
8.00-9.15 Таңертеңгілік қабылдау. Жаттығу. Таңғы ас. 9.15-11.45 Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі |
|
11.45-12.40 Серуен. Серуеннен қайту. 12.40—13.05 Түскі ас. |
|
13.05-15.00«Тәтті ұйқы» 15.00-15.35«Ұйқымызды ашайық» Ояну. Шынықтыру шаралары. Бесін ас. |
|
15.35-17.05«Алақай! Ойын!» 17.05-17.35 Кешкі ас. |
|
17.35-18.00 «Ертеңге дейін...» Балалармен,ата-аналармен қарым-қатынас.Балалардың үйге қайтуы... |
Педагогтар туралы мәлімет.
Ұжымның жетістіктері |
Білім деңгейлері бойынша: - Жоғары білімді –22 - Арнайы орта-3 Санаты бойынша: - Жоғары санатты – 2 - Бірінші санатты -5 - Екінші санатты – 9 - Санаты жоқ – 9
Аудан бойынша «Балапан-2015», «Балапан-2016»І-орынмен марапатталды. Қала бойынша «Спартакиада-2014», «Спартакиада-2015» І орынмен марапатталды. |
|
Курмангалиева Гулсара Малгаждаровна-ізденіс үстіндегі тәрбиеші,жоғары деңгейдегі педагог. Ол өзінің «Ертеңгіліктер жинағы»атты әдістемелік құралы жарық көрді. Иманбергенова Бибігул Ракышовна-тәжірибелі тәрбиеші, «Бала тәрбиесі-бесіктен» атты әдістемелік құралы жарық көрді.
|
Қабылдау құжаттары |
Жолдама Жеке куәліктің көшірмесі Балалардың туу туралы Мекен-жай туралы анықтама |
Көрме |
Балабақшаның суреті |