«Шынықсаң- шымыр боласың» Абенов Д.Д » ГККП Ясли сад № 62
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№62 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Телефон завующего:
+7(707) 759-86-07
Телефон методиста:
+7(747) 064-38-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Шынықсаң- шымыр боласың» Абенов Д.Д
17
сентябрь
2020

«Шынықсаң- шымыр боласың» Абенов Д.Д




                        Алматы қаласы Білім басқармасы

                   Әуезов ауданы МКҚК №62 балабақша


                                             Мерекелік іс шара




                                  «Шынықсаң- шымыр боласың»
 
 

                              Дене жаттықтырушысы: Абенов Д.Д





Білім  беру саласы : « Денсаулық»

 Оқу қызметі : Дене шынықтыру.

Тақырыбы : «Шынықсаң- шымыр боласың»
 Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
 Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
 Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
 Түрі: Эстафеталық ойын.
 Өтілетін орны: Спорт алаңы.
 Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, конустар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
 
 Құрметті тәрбиешілер мен балалар,бүгінгі «
Қош бол,жаз» сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа МАДТ № 2топ.   Топтың балалары  2 топқа бөлінеді.   

 Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
 
 Ұстанған салауатты өмір салтын,
 Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
 Болашақ спортшылар келді ортаға
 Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!


 Көтеріңкі музыкамен Денсаулық залға кіреді.

Денсаулық: Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым-Денсаулық. Адамдар сәлемдескен кезде бір-біріне денсаулық тілейді. Кәне біз сәлемдесейік.

Балалар бір-бірімізге бұрылып «Сәлеметсің бе!» деп күлімдейік.

Денсаулық дегеніміз. Ауырмайтын, салауатты өмір салтын сақтайтын, дұрыс тамақтанатын, дене шынықтырумен айналысатын адамды айтамыз.
 Денсаулық: Денсаулық мықты болып, ауырмау үшін не істеу керек ?
 Балалар: Үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денені шынықтыру, тамақты дұрыс ішу, күн тәртібін сақтау керек.
 Денсаулық: Дұрыс айтасыңдар.
 Балалар кім маған денсаулық туралы мақал-мәтел айтып береді ?
 Бала: Дені саудың-жаны сау.
 Бала: Денсаулық-зор байлық.
 Бала: Тазалық-денсаулық кепілі.
 Денсаулық: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге ризамын.
 - Балалар, мен сендермен қызықты жарыстар ойнағым келіп тұр.

Сайысымызды бастамас бұрын бір сергіп, көңілімізді көтеріп, бойымызды жазып алайық.








«Спорт, спорт, спорт»

спорттық- хореографиялық би: флешмоб


Денсаулық:        Жарысқа келгендерді қарсы аламыз,

Әр таңды қуанып біз атырамыз.

Өнерлі балаларды бақыланыз,

Сайысқа қатысуға шақырамыз.

1 топ «Жұлдыздар» тобы

Ұраны – Біз жұлдыздай баламыз,

Бәрін жеңіп аламыз!

2 топ «Күншуақ» тобы

Ұраны – Күншуақтай жанамыз,

Бірінші боламыз!

Денсаулық: Міне командалар кездесіп, бір-бірін құттықтады. Олардың алда өтетін жарыста үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдіреміз.

Жатып алмай төсекте!

Ерте тұрып жүгірсен,

Шынықтырып денеңді,

    Күш-қуат жинап бойына

                            Өзіңді сонда нағыз спортшы деп есепте.

        Спортшыларға сәтті қадам!


Бүгінгі жарысқа 2 топ қатысады. Осы топтардың жарысын бағалайтын әділқазылар алқасымен танысайық.



Денсаулық:

Алдарыңда көп тапсырма

Қиындықтан қорықпа

Күштеріңе сенеміз

Салыстырып көреміз


1 – сайыс: «Допты домалату»

Ойын шарты: допты кегли арасынан оң қолмен домалату.

2 – сайыс: «Картоп егу»

Ойын шарты: әрбір құрсауға  бір-бір картоптан егіп шығамыз, келесі бала оны жинап шығады.

3 сайыс– «Кедергілерден өту»

Ойын шартты: Балалар екі қатарда тұрып кедергілерден өтеді, қолындағы допты себетке лақтырып, артқа қарай тура жүгіреді.

4 – сайыс: «Қарбыз тасу»

Ойын шарты:баланың қолына екі доп беріледі, допты қолтығына қыстырып, кедергілерден аттап келесі балаға қайта жүгіріп келіп, кезекті береді.







Жарыстың соңғы қорытындысы жасалады.


Денсаулық: Міне, біз «Қош бол,жаз»атты мерекелік іс шараны сайыс түрінде өткіздік. Сендер нағыз спортшыларсындар. Үнемі осылай спортпен шұғылданыңдар! Ал, енді біздің төрешілер алқасы жарыстың қорытындысын жасап, жеңімпаздарды атайды.

Марапаттау: Сайысқа екі топтың балалары белсенді қатысып «ДОСТЫҚ ЖЕҢДІ!» марапаттау қағаздарымен марапатталады.


Қорытынды: Балалардың барлығы сайысқа белсенді қатысып, көңіл күйлері жақсы көңілдері көтерілді 


Балалар:

Осылайша жарыс жолын тартамыз

Біз үйімізге көңілді болып қайтамыз

Бізді тәрбиелеп шынықтырған

ДарынДуйсенұлына  рахмет айтамыз.

Денсаулық: Келесі сайыста кездесерміз. Сау болыңдар!

Балалар музыка әуенімен спорт кешенінен шығады.